1 млн студент қашықтықтан оқытуды жалғастырады

11.05.2020 10:55 1662
1 млн студент қашықтықтан оқытуды жалғастырады

Ералы Тоғжанов атап өткендей, оқу жылының соңына дейін 3,3 млн оқушы мен 1 млн ЖОО мен колледж студенттері қашықтықтан оқыту жұмыстарын жалғастырады

Мектептерде соңғы қоңырау қалай өткізілетінің ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов атап өтті.

"Аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда мектептерде ашық ауада өткізіледі. ҰБТ-ны штаттық режимде — 20 маусымнан бастап 168 пункт базасында санитарлық ережелерді сақтай отырып өткізу жоспарлануда", - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн-брифинг барысында.