Колледждер қашықтықтан оқытуды жалғастырады

29.04.2020 12:55 1986
Колледждер қашықтықтан оқытуды жалғастырады

Колледждер қашықтықтан оқытуды жалғастырады

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде аталып өтті.

Президент 11 мамырдағы Заңға сәйкес, егер індеттің жаппай жаңа өршуі болмаса, ТЖ режимі аяқталатынын атап өтті. Біздің ортақ міндетіміз-Қазақстандағы жағымсыз сценарийге жол бермеу.

"Сонымен қатар, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия карантиндік режимді  ең алдымен, вирустың таралу жағдайы бақылауда тұрған облыстар мен қалаларда жеңілдетуге дайын. Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде өз жұмысын бастайтын ұйымдардың тізбесін анықтау тапсырылды. Бірінші кезекте бұл өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылыс, көлік компаниялары, банктер, ХҚКО. Алайда, барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету, жұмыс орындарына үнемі дезинфекция жүргізу керек", - деп тапсырды Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде.

"Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн. Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді. Ел тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын", - деді Мемлекет басшысы.