ТжКББ бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

  • Оқуға қабылдау мерзімі:
    • 1. Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
    • 2. білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.
  • Қажетті құжаттар тізімі:
    • 1. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы
    • 2. 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет
    • 3. № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама(I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 088-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы)
    • 4. Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
      • 4.1 шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
      • 4.2 азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
      • 4.3 босқын – босқын куәлігі;
      • 4.4 пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
      • 4.5 оралман - оралман куәлігі